Бүгін – Республика күні

Бүгін, 25 қазан, елімізде Ұлттық мереке – Республика күні аталып өтуде.

Биыл - «Мемлекеттік Егемендік туралы» Декларацияның қабылданғанына 34 жыл

Тәуелсіздіктің бастамасы болған тарихи құжат 1990 жылы 25 қазанда Алматыда қабылданған болатын. Ал бір жылдан кейін Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы заң күшіне енді. Қазақстанның іргелі ел болуына жол салған маңызды құжаттың түпнұсқасы бүгінде  Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивінде сақтаулы.

Республика күні Алматыда рухани мереке ретінде кең ауқымда атап өтіледі. Бұл күні қалада түрлі мәдени іс-шаралар, мерекелік шерулер, көрмелер мен концерттер ұйымдастырылады. Республика күні – Қазақстан тәуелсіздігінің және ел тарихындағы маңызды оқиғалардың рухын сақтай отырып, ұлттық бірлік пен ынтымақты нығайтатын күн.

Алматы қаласында бұл мереке ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ халқының рухани мұрасын көрсетуге бағытталған іс-шаралармен ерекшеленеді. Абай алаңында, орталық саябақтарда және мәдени орталықтарда ұлттық музыка, дәстүрлі би өнері, қолөнер жәрмеңкелері өтеді. Қала тұрғындары ұлттық киім киіп, қазақтың дәстүрлі тағамдарын ұсынып, қазақ халқының қонақжайлылығын сезінеді.

Сонымен қатар, Республика күні – жаңа Қазақстанның дамуы мен келешегіне деген сенімнің белгісі. Алматыдағы рухани мерекелер – халықтың рухын көтеріп, тарих пен мәдениетке құрмет көрсететін ерекше мерекелердің бірі.

Айта кетейік, "Медеу" мұз айдынында Республика күніне орай мемлекеттік туды көтеру салтанаты өтті. Іс-шараға қала әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Аумағы 98 шаршы метр болатын мемлекеттік ту биіктігі 40 метрлік тұғырға әскери оркестрдің сүйемелдеуімен және әнұранды орындаумен көтерілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated