Азия пара ойындары: елордалық спортшылар – 5 алтын медальдің иегері

IV Азия пара ойындары – 4 жылда бір рет келетін, асыға күтетін спорттық додалардың бірі. IV Азия пара ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 22-29 қазан аралығында өтті. IV Пара Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 41 медальмен командалық есепте 11-орынға тұрақтады. Байрақты бәсекеде 43 мемлекеттен 4 000-ға жуық спортшы 22 спорт түрінен бақ сынады. Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «БЖСМ мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» КММ басшысы Азамат Тағаев байрақты бәсекенің нәтижесі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Aqnews.kz.

ҚР ұлттық құрамасы 14 спорт түрі бойынша 131 спортшы ел намысын қорғады. Оның ішінде 4 спорт түрі бойынша 10 спортшы – Астана қаласы құрамасының спортшылары.

«IV Азия пара ойындарының қорытындысы бойынша Астана қаласы құрамасының спортшылары 5 медаль жеңіп алды. Олар – 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль», - деді мекеме басшысы.

Алтын медаль: Пара дзюдо – Ерғали Шамей (-73кг); Ақмарал Науатбек (-48кг);
күміс медаль: Пара дзюдо – Асылан Нұрдәулетов (-73кг);
қола медаль: (пара дзюдо, пара жүзу) – Бауыржан Арыстанбеков (- 90кг); Сиязбек Далиев (эстафета)
«Спортта – жеңіс бар, жеңіліс бар. Спортшыларымыз үлкен тәжірибе алды, басқа елдің спортшыларымен тәжірибе алмасты. Кейбір спортшылар алғашқы рет Азия пара ойындарына қатысып отырғандықтан жүлделі орынға қол жеткізе алмады.
Қазіргі уақытта спортшылар жаттығуларына кірісті», - дейді Азамат Тағаев.

Айта кетейік, 2018 жылғы ІІІ Азия ойындарында 2 спорт түрінен 3 спортшы қатысып, 4 медаль жеңіп алды, оның ішінде: алтын – 1, қола – 3.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated