Біріккен күрес әлемі (UWW) Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Aqnews.kz.
Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар - Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай.
Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен болатын.
Айта кетелік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.