Грек-рим күресінен Әскери қызметшілер арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов жеңімпаз атанды. Aqnews.kz бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол әскери қызметшілер арасында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатының финалдық сайысында 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде «классиктер» арасында бірінші орын иеленді. Оның қарсылысы Иран өкілі болды.
Бекболатов – осы әлем чемпионатында алтын медаль алған үшінші қазақстандық. Алдыңғы жылдары осындай нәтижеге грек-рим күресінен Бағлан Жақанша (2013, 60 кг) мен еркін күрестен Ғалымжан Өсербаев (2014, 74 кг) қол жеткізген болатын.