Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір оқ ату мен семсерлесуден лицензия алудан оң динамика байқалып отыр. Ал, теннис пен еркін күрестен жолдама саны азайды. Сондай-ақ тарихта алғаш рет ауыр атлетикадан қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына қатыспайды.
"Лицензия жеңіп алған барлық спортшы спорт түрлерінің ерекшеліктеріне, физиологиясына және әр спортшының қажеттіліктерін ескере отырып, жеке жоспар бойынша өз дайындығын өткізіп жатыр. Табысты дайындық үшін 10 спорт түрінен 14 шетелдік маман тартылған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спорт саласындағы басқару институттары арасында тиімді коммуникацияларды үйлестіретін және қамтамасыз ететін Штаб құрылды", – деді спикер.
Дене шынықтыру және спорт академиясымен бірлесіп кешенді ғылыми топ құрылды. Спортты дамыту дирекциясы, Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры тарапынан спортшыларды сапалы даярлау үшін барлық қажетті жағдай жасалған.