Қазақстандағы 90 млн гектар ауылшаруашылық жері эрозияға ұшыраған – министр
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда жер иелерінің немқұрайлылығы мен жауапсыздығы салдарынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 миллион гектардан асыпты. Ал оның 29,3 миллион гектары іс жүзінде эрозияға ұшырап, мүлдем жарамсыз күйге түскен.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп, жердің одан әрі тозуын болдырмау, әсіресе елді мекендердің маңындағы жем-шөп алқаптарын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде, – деді министр.