Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған кім?

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ның аралық нәтижелерін жариялады. Алматы облысында талапкер ең жоғары 140 баллды жинады, - деп хабарлайды Aqnews.kz министрлікке сілтеме жасап.

Негізгі ҰБТ басталғалы бері 264 мың тестілеу өтті. Оның ішінде талапкерлердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде емтихан тапсырған. 197 адам ағылшын тілінде.

ҰБТ басталғалы бері талапкерлердің 77 пайызы шекті балл жинаған. Орташа балл - 69.

Ең жоғары балл жинаған – Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының №22 орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек.

"Алматы облысының түлегі ең жоғары - 140 балл жинады. Талапкер кеше, 27 маусымда Алматы облысының Есік қаласында "математика-информатика" комбинациясы бойынша ҰБТ тапсырды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, соңғы рет ҰБТ нәтижелері бойынша 2021 жылы Павлодар облысынан, ал 2018 жылы Алматыда талапкер 140 балл жинаған.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated