Ел Үкіметі 2020-2022 жылдары республикалық бюджет жобасында әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Конституция мен Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған шараларды өткізуге 3,8 млрд теңге қарастырыпты.
Жалпы мәдениет пен спортты дамыту үшін 2020-2022 жылдары 304,7 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Оның 120,1 млрд-ы 2020 жылға бөлінген.
Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бұл қаражат театр, музей, кітапхана мен архивтер қызметін қамтамасыз етуге, спорт пен туризмді дамытуға, кадрлар дайындауға, фильмдер шығаруға жұмсалады.
Дереккөз:informburo.kz