Қазақстан Президентінің күзетшісі болуы үшін не істеу қажет?

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қатарына мерзімді әскери қызметке іріктеу басталады.
2024 жылғы 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді.

Үміткерлерге келесі талаптар қойылады:

жасы 18-27 арасында,
бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден жоғары емес,
білімі орта білімнен төмен емес,
денсаулығы жақсы.
Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.
ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated