Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

"Ең алдымен Үкімет негізгі капиталға инвестиция көлемін арттыру, тікелей шетелдік инвестиция көлемін биылғы 24 миллиард теңгеден 2025 жылға 34 миллиард долларға дейін арттыру міндетін қойып отыр. Біз жыл сайын Қазақстанға қосымша 10 миллиард долларға шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін Дубайда жарты жыл бойы өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысу өте маңызды", - деді Смайылов.

Ол көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен инвесторлар қатысатынын және Қазақстанды инвестициялық тартымды ел ретінде көрсету маңызды екенін хабарлады.

"Мүмкіндіктердің Тақырыптық кластері аясында Қазақстанның ұлттық павильоны орнатылады. Ал павильонды қайта жаңғырту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 8,8 миллиард теңге немесе 22 миллион доллар бөлінді. Егер біздің павильонға бару нәтижесінде Қазақстанға қосымша шетелдік инвестициялар келсе, онда бөлінген қаржы жаңа өндірістер, жаңа жұмыс орындары мен қосымша салықтар есебінен көп есе өтеледі", - деп түсіндірді Смайылов.

Бұған дейін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бұл ақша өткен жылдары бюджеттен бөлінгенін айтқан еді. Көрмеден кейін бұл павильон бөлшектеліп, Қазақстан аумағына осы қаражат есебінен әкелінеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated