Бүгін, 8 қазан күні таңертең Ханчжоуда (Қытай) Азия ойындары аяқталды. Aqnews.kz бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Барлық жарыстар аяқталған соң отандық спортшылар қоржынында 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) жиналды. Осылайша, қорытынды медальдық есепте Қазақстан 11-ші орында.
Тізімде 383 медальмен (201-111-71) Қытай көш бастап тұр. Екінші орынға Жапония 188 (52-67-69), үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшылары - 190 (42-59-89) ие болды.
2023 жылғы Азия ойындарының медальдық есебінде ТОП-10 ел:
1. Қытай – 201-111-71 (383)
2. Жапония - 52-67-69 (188)
3. Оңтүстік Корея – 42-59-89 (190)
4. Үндістан - 28-38-41 (107)
5. Өзбекстан – 22-18-31 (71)
6. Қытайлық Тайбэй – 19-20-28 (67)
7. Иран – 13-21-20 (54)
8. Тайланд - 12-14-32 (58)
9. Бахрейн - 12-3-5 (20)
10.Солтүстік Корея - 11-18-10 (39)
11.Қазақстан - 10-22-48 (80).