1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қаулы етеді. Онда Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі билеу принциптеріне адам құқы мен бостандықтарының мызғымастығына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық жағынан сан алуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, құқылы мемлекет құруға ұмтылысын басшылыққа ала отырып,Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілсін, деп жазылды.
Заңға Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, 10 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш Президентінің ант беру рәсімі өтті. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Сол уақыттың естелігін Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік тағлымы» атты мақаласында жазды.
1997 жылы10 желтоқсанда елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру ресми түрде жарияланды. NurOtan - да атап өткендей, 30 жыл ішінде Қазақстандағы кедейлік деңгейі 10 есеге - 46,7-ден 4,6 пайызға дейін қысқарды. 400 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылды. Бұл Орталық Азия елдеріне келетін барлық ағымның 75 пайызы. 170 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 30 мың шақырым жол салынды және қайта жөндеуден өтті. 1400 жаңа денсаулық сақтау нысаны, 1800-ден астам жаңа мектеп пен 900 балабақша ашылды.
Aqnews.kz