Өрт құрсауында қалған Аустралия шенеуніктері өртті сөндіру үшін қажет суды көп мөлшерде ішетін түйелерді жоюға шешім қабылдады. Бұл туралы The Hill басылымы жазады.
8-қаңтарда басталған бес күндік науқан аясында 10 мыңға дейін түйені өлтіру үшін тікұшақтар Аустралияның солтүстік-батысына жіберілді. Билік 5 күн ішінде 10 мыңға жуық түйені жоюды жоспарлап отыр. Өлтірілген жануарлардың денесін өртейді немесе көміп тастайды.
Аймақтағы өрт пен куаңшылықтын салдарынан жануарларға су әдеттегіден көбірек керек, ал бұл жергілікті аймақта судың тапшылығы үлкен тәртіпсіздікке алып келді. Түйелер су іздеп қоршауларды сындырып, үйлерге жиі кіріп, кондиционерлерді бұзуда.
Түйелерді жоюдың екінші себебі бұл жануар жылына бір тонна көмірқышқыл газын шығарады және бұл процесті реттемесе түйелер саны екі есе көбеюі мүмкін.
Қараша айынан бастап Аустралия орман өрттерінен зардап шегуде. Өрт салдарынан 23 адам қаза тапса, 17 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Оның ішінде үшеуі өрт сөндіруші. Одан бөлек 500 миллионнан астам аң-құс қырылған.