Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды.

Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақынның «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Өмір-өзен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек», «Сарыарқа» және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.

Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында туған. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған.

Алғашқы өлеңдері 1961 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланды.

Әр жылдары редакторлық және әдебиеттану саласында еңбек еткен. 1993 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленді. Қазақстан Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды.

Көптеген жыр жинағының авторы. Өлеңдерінің біразына ән жазылып, оны белгілі әншілер орындап жүр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated