Астанаға жаңа автобустар келуіне байланысты 4 қарашадан бастап «Үркер» тұрғын алабы мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасында қатынайтын жаңа №66 бағыт іске қосылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
Компания таратқан хабарлама бойынша, бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді.
Бұл арқылы қаладағы оң және сол жағалау, яғни «Үркер» ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көлік байланысы жақсарады.
Хабарламада жаңа№ 66 бағдар қазіргі № 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.
Бағдардың қозғалыс сызбасын мына сілтемеде арқылы көруге болады.