Астанада толассыз қар жауып, коммуналдық қызметкерлер тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр. Оларға көмекке бұл жолы өнер адамдары келіп, қалың қар басқан желекжолдар мен жаяу жүргіншілер жолын тазартты, деп хабарлайды Aqnews.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл коммуналдық қызметкерлерге айтарлықтай көмек болды. Қар күреуге 100-ден астам өнер адамы атсалысты. Елорданың мәдениет басқармасы мұндай акцияны дәстүрлі түрде өткізіп тұрмақ.
«Білесіздер, қатты қалың қар жауып жатыр. Коммуналдық қызметкерлерге көп-көп рақмет. Барын салып тазартып жатыр. Біз де үлесімізді қосайық деп іске кірістік. Тек мәдениет саласының адамдары ғана емес, Астана қаласының жастары да жалғыз басты ата-аналарға, ерекше күтімді қажет ететін жандарға үйлерінің аулаларын тазартып, қызмет етіп жатыр», - деді актер Асылхан Төлепов.