Астанада мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мүмкін

Астанада 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады.

"Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді. Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе", делінген хабарламада.

2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated