«1000 орын. Көше саудасы» жобасы аясында әлеуметтік санатттың 6 түріне кіретін астаналықтарға көше саудасын жасауға арналған жер телімі тікелей келісімшарт арқылы жалға беріледі. Бұл туралы «Astana» әлеуметтік кәсіпкерлік копорациясы басқарма төрағасының орынбасары Ділмұрат Иминов өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Aqnews.kz
«Көше саудасын жүргізуге арналған жер телімін не аукцион арқылы, не тікелей келісімшарт арқылы жалға алуға болады.
Екінші жол – әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ұсынылады. Бұл топқа 6 санат жатады. Яғни олар: екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлер, мүгедектігі бар адамды асырап немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, 6 және одан көп құрсақ көтерген көпбалалы аналар, мемлекеттік және қоғамдық қызмет жолында жүріп қайтыс болғандардың отбасылары», – деді корпорация өкілі.
Сондай-ақ ол аталған бағдарламаның мүмкіндіктерін «Алтын алқа» иегерлерімен бірге «Күміс алқа» иегерлері де пайдалана алатынын айтты.
«Иә, «Күміс алқа» иегерлеріне ондай артықшылық берілген. Біздің ережелерде, нормативтік актілерде ол бар. Олар тікелей келісімшарт арқылы көше саудасына арналған жер телімін алуға хақылы», – деді Ділмұрат Иминова.
Ақпарат Kazinform. сайтынан алынды