Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді

Астана қаласының тұрғындары үшін 17-19 желтоқсан күндері «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Aqnews.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында сағат 9:00 ден 18:00 дейін өтеді.

Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіледі.
Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі.

Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated