Астанада қар тазалау жұмыстарына 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды

Елордада қарды тазалау және шығару жұмысы тәулік бойы жалғасуда. 5 ақпан күні таңертең санитарлық тазалауда 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмысқа шықты, деп хабарлайды Aqnews.kz.

5 ақпанда елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 1,6 мың бірлік арнайы техника мен 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Өткен түнде қаладан 3,7 мың рейспен 55 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыстың басынан бері елордадан полигондарға барлығы 3,7 млн текше метр қар шығарылды, бұл 273,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.
Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигондары орналасқан. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 5-6 ақпанда Астанада бұлтты. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 1-3 градус нөлден төмен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated