Астанада алдағы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

Алдағы апта елордада түрлі мәдени іс-шаралар, оның ішінде концерттер, көрмелер, түрлі жанрлық қойылымдар өтеді, деп хабарлайды Aqnews.kz сайты

16 қазан күні «Жастар» сарайында сағат 19.00-де DS CREW алғашқы жеке концерті өтеді.
Сонымен қатар, «QAZAQSTAN» ОКЗ-да симфониялық оркестр мен Ne prosto orchestra хорының орындауындағы «Сүлеймен сұлтан» Soundtrack концерті өтеді.
 
17 қазан күні сағат 10.00-де тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығында «Қасиетті карта. Елорда ескерткіштері мен нысандарындағы Астана тарихы» лекциясы өтеді.
«Жастар» театрында сағат 18.30-да көрермендерге Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының «Ұлтқа қызмет» спектаклі көрсетіледі.
«Астана Опера» театрында сағат 19.00-де «Музыка ангелов» концерті өтеді.
Сонымен қатар, «Жастар» сарайында Дина Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің «Сарайшықтан сәлем саз» концерті өтеді.
 
18 қазан сағат 11.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Ел қорғау – нағыз ерлерсі!» – әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтеді.
Сағат 18.30-да «Жастар» театрында Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының «Қош, махаббат» спектаклі өтеді.
Сағат 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Төлеген Мұхамеджановтың Рухани келісім күніне арналған концерті өтеді.
Дәл осы уақытта «Астана Опера» театрында «Богема» спектаклі көрсетіледі.
Сағат 19.00-де «Жастар» сарайының сахнасында халық аспаптары оркестрі мен «Сармат» этнофольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.
 
19 қазанда ЕХРО-да халықаралық аграрлық көрмелер басталады.
Сағат 18:30-да «Жастар» сарайында бүлдіршіндердің сүйікті мультфильмдерінің саундтректері қойылады.
Сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы театрда «Ғажапқа толы әуен» халық аспаптар ансамблінің концерті өтеді.
 
20 қазан күні сағат 10.00-де Сәкен Сейфуллин мұражайында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» көрмесі басталады.
Сағат 14.00, 16.00-де Қуыршақтар театрында «Отбасылық альбом» спектаклі өтеді.
Сағат 19.00-де «Астана Опера» театрында «Шелковая лестница» опера-фарсы өтеді.
Дәл осы уақытта Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Алиса ғажайыптар елінде» цирк, театр шоуы өтеді.
 
21 қазанда «Жастар» сарайында бүлдіршіндерге арнап «Синий трактор» музыкалық спектаклі қойылады. Өтетін уақыты: 11:00, 14:00, 17.00.
Сағат 12.00 және 16.00-де Қуыршақтар театрында «Отбасылық альбом» спектаклі көрсетіледі.
Сағат 18.00-де Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында «Боранды бекет» спектаклі өтеді.
 
22 қазан күні сағат 13:00, 15:00 және 17:00-де «Қазмедиа Холл» сахнасында «Алиса на каникулах» балалар театрландырылған шоуы өтеді.
Сағат 19.00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Құдайберген Бекіштің концерті өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated