Осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. 2024 жылы 6 шілде, яғни Астана күні - мемлекеттік мереке, сенбіге сәйкес келеді. Олай болса, демалыс күнін дүйсенбіге ауыстыру арқылы қосымша 1 демалыс және қысқартылған жұмыс аптасын береді. Бірақ бұл өзгеріс алты күн жұмыс істейтіндерге қатысты емес, деп хабарлайды Aqnews.kz
Осылайша, бес күндік жұмыс істейтіндер үшін: 6, 7 және 8 шілде 2024 - демалыс күндері, бірақ алты күндік жұмыс үшін 8 шілде - жұмыс күні саналады.
Сонымен қатар, осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күніне қарамастан, атаулы датаға қатысы барлар бұл күнді атап өтіп, бірін-бірі құттықтайды.
Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
2 шілде - Дипломатиялық қызмет күні;
7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) - Ұлттық домбыра күні;
9 шілде - Су шаруашылығы қызметкерлері күні;
13 шілде - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;
14 шілде - нотариат күні;
14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) - балық шаруашылығы қызметкерлері күні;
21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі) - Металлург күні;
28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі) - сауда қызметкерлері күні.