«Астана» Қазақстан чемпионатының ашылу матчында жеңіске жетті

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 1-туры аясында елордалық «Астана» мен «Жеңіс» командалары арасында ашылу матчы өтті, деп хабарлайды Aqnews.kz

Алматы қаласында өткен матчта «Астана» «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңді.

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 1-тур

«Астана» - «Жеңіс» (Астана) 2:0 (1:0)

Голдар: Камара 19, Астанов 62

Төреші: Денис Измайлов (Талдықорған)

1 наурыз. Алматы. «Хан Тәңірі» стадионы.

Еске салайық, бүгін QFL Премьер-лигасының жаңа маусымы 13 футбол клубтың қатысуымен басталады.

Турнирде «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат»,«Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер» клубтары ойнайды.

Айта кетейік, Премьер-лигаға «Ақсу» ФК қатыспайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated