Астанаға 9 елдің президенттері келе жатыр

Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated