Басылым мәліметінше, әйел адам үйінен қайтып бара жатқан кезде полицейлер тоқтатқан. Тұрғылықты мекенжайы бойынша мәселе болмаған, алайда командирге әйел адамның маскамен жүргені ұнамаған.

"Сен үкіметтің вирусқа қарсы шараларына сенім артпайсың ба? Біз және біздің басшылығымыз маска тақпаймыз, бірақ сен не үшін тағып жүрсің?", - деген полицей. 

Ұсталған тұрғын ол тек медицина қызметкерлерінің нұсқаулығын орындағанын айтқан. Бірақ оны полиция бөлімшесіне жеткізіп, 249 манат (шамамен 26 800 теңге) айыппұл салған. Айыппұлды банк арқылы төлеуді талап еткен. Кепіл ретінде келіншектің төлқұжатын алып қалған, - деп жазады "Хроники Туркменистана".

Ашхабад тұрғыны келесі күні айыппұл төлегеннен кейін оған түбіртек беріліп, төлқұжаты қайтарылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated