«Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» онлайн жобасы сәтті жүзеге асуда

«Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» онлайн жобасын жүзеге асырып келеді.

Жобаның мақсаты - бизнес-тренерлерді тарта отырып, жас және көп балалы отбасылар үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, кәсіпкерлікті жүргізу, көшбасшылық дағдыларды дамыту жөнінде, отбасылық бюджетті дұрыс бөлу туралы курстар ұйымдастыру және өткізу болатын.

Уақыт қашан да өз әмірін жүргізеді демекші, заман ағымына қарай қаржы әлемі де күннен күнге өзгеріп отырады. Осы әлемде дұрыс бағдарлану, өз қаражатыңызды тиімді басқару үшін қаржылық сауаттылық деңгейіңізді үнемі көтеріп отыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен  құқықтық саладағы білімді толықтырып отыру - уақыт талабы. Сондықтан «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі «Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» жобасы аясында халықты қаржылық сауаттылыққа оқыту  бағдарламасының подкасын құрды.

Атап айтқанда жоба аясында: Қаржылық сауаттылыққа оқыту бойынша қатысушыларды тіркеу сауалнамасын жүргізе отырып, онлайн курс, сондай-ақ балаларды ақшаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу қағидаттарын оқыту бойынша бейне сабақтар өтті. Ақшаны ұстау, адал табу және тиімді жұмсау жолдарын талқылау бойынша оқушылармен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Қаржылық сауаттылық бойынша аудио сабақтарды өткізу әдістемесі мен бағдарламасын әзірленіп, Атамекен» ҚР ҰКП-нің сарапшыларын тарта отырып бизнес-жоспарларды әзірлеуге, жеңілдікпен кредит беруге өтінімдерді ресімдеуге және ауыл халқына баса назар аудара отырып, бизнес ашуға көмек көрсету тақырыптарында  онлайн кездесулер өткізілді. Несиені алу және рәсімдеуге қатысты бейнероликтер түсіріліп, бизнес жоспар құру бойынша кемі 40 минуттан тұратын бейнесабақтар дайындалды.

Нәтижесінде «Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» онлайн жобасында оқумен қамту – 2000 адамды, ақпараттық қамту - 500 мың адамды құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated