Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі «Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» онлайн жобасын жүзеге асырып келеді.
Жобаның мақсаты - бизнес-тренерлерді тарта отырып, жас және көп балалы отбасылар үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, кәсіпкерлікті жүргізу, көшбасшылық дағдыларды дамыту жөнінде, отбасылық бюджетті дұрыс бөлу туралы курстар ұйымдастыру және өткізу болатын.
Әлеуметтік жобаның міндеттері: Қаржылық сауаттылыққа оқыту және олар бойынша семинар серисын, практикалық сабақтарды өткізу. «Қиын қаржылық жағдайдағы отбасы», «Кредиттер мер макроқарыз», «Ипотекалық кредит беру: артықшылық және шектеу», «Болашаққа инвестиция Алаяқтарды қалай ажыратуға болады?» және т.б. тақырыптарда шеберлік-сыныптарын ұйымдастыру және өткізу. Балаларды ақшаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу қағидаттарын оқыту. Қаржылық сауаттылық бойынша аудио сабақтарды өткізу әдістеместі мен бағдарламасын әзірлеу; бизнес-жоспарларды әзірлеуге көмек, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның 3 сарапшысын тарта отырып, ауыл халқына баса назар аудара отырып, кемінде 200 отбасына бизнес ашуға көмек; қаржылық сауатталықты арттыру жөніндегі материалдарды, оның ішінде бейнеформатта тарату үшін әлеуметтік желілерде, ютую және телеграм арналарда аккаунттар (онлайн консультация, сұрақтар-жауаптар және т.б.) құру; Вирустық роликтер және кемінде 15 инфографика жасау; барлық алаңдар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралуын қамтамассыз ету болды.
Шындығында, бүгінгі таңда қаржы жағынан сауатты болу үшін әрбір азаматқа қаржылық басты ұғымдарды меңгеріп, қаржылық институттардың қызметтерін бағдарлап, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін білген жөн. Оған қоса, бұл қаржы нарығындағы жағдайлардан хабардар болуды, кіріс пен шығыс шығындарын жоспарлап, өз бюджетіңізді жүргізуді де талап етеді. Расымен де қаржылық сауаттылық – қаржыға қатысты теңгестірілген сауатты және саналы шешімдер қабылдау үшін қажетті білімдер мен қабілеттер. Соларды меңгерген азамат кез келген қаржылық мәселелерде оңтайлы әрі дұрыс шешім қабылдайтын болады.
Осы міндеттемелермен жұмыс істеудің нәтижесінде «Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» онлайн жобасында оқумен қамту – 2000 адамды, ақпараттық қамту - 500 мың адамды құрады.