Қаржылық сауаттылық отбасында басталады

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі «Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» онлайн жобасын жүзеге асырып келеді.

Жобаның мақсаты - бизнес-тренерлерді тарта отырып, жас және көп балалы отбасылар үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, кәсіпкерлікті жүргізу, көшбасшылық дағдыларды дамыту жөнінде, отбасылық бюджетті дұрыс бөлу туралы курстар ұйымдастыру және өткізу болатын.

Қазіргі уақытта жоба аясында халықты қаржылық сауаттылыққа оқыту бағдарламасының подкасын құрылды. Қаржылық сауаттылыққа оқыту бойынша қатысушыларды тіркеу сауалнамасын жүргізіліп, Zoom платформасы арқылы онлайн курс өтіп жатыр. Бүгінде қаржылық сауаттылық сабағына 2000-ға жуық адам қатысуда.

Одан өзге балаларды ақшаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу қағидаттарын оқыту бойынша бейне сабақ әзірленіп, ақшаны ұстау, адал табу және тиімді жұмсау жолдарын талқылау бойынша оқушылармен онлайн кездесу ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасымен бірлесе отырып, бизнес-тренерлерді тартып, жас және көп балалы отбасыларды кәсіпкерлік дағдыларға баулитын бейнероликтер түсірілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated