ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде "АрселорМитал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Aqnews.kz.
"Қазір біз компанияны атай алмаймыз. Бірақ кәсіпорынды отандық инвестор нарықтық бағамен сатып алады. Бұл инвестор Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйекте бизнес өкілдерімен кездесуіне қатысты".
Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
"Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады", - деді ол.