Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 маусымда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 10 маусымда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, найзағай, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қ.: 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күңдіз 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 10 маусымда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 36 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 10 маусымда күндіз қатты ыстық 36 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 10 маусымда түнде қатты жаңбыр. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 10 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 10 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Павлодар қ.: 10 маусымда түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында күндіз облыс бойынша 35-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 10 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 10 маусымда күндіз 34-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупы сақталады.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated