Мәселен, шай, шұжық қосылған бутерброд немесе тұздалған қияр сізді екі-үш жылға қартайтуы мүмкін. Өйткені, өнімдер ағзаны ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәрумендер түріндегі энергиямен және пайдалы заттарымен қамтамасыз етуімен қатар, оны қышқылдандыруға немесе сілтілеуге қабілетті.
Қартаюдың негізгі факторы – ағзаның шамадан тыс қышқылдануы. Олардың жасушааралық кеңістікте жиналуы жасушалардың қызметін айтарлықтай төмендетеді. Шамадан тыс қышқылдану әсерінен жасушалардың жұмыс сапасы төмендейді немесе олар мүлдем жойылады. Дәл осы жасушалардың әрекетсіздігі ағзаның қартаюына соқтырады.
"Сондай-ақ қышқылдану процесінде митохондриялардың– жасуша органеллаларының жұмысы бұзылады. Бұл адамның табиғи энергия батареялары болып табылады. Қышқылдану әсерінен олардың метаболизмі үнемді қызмет ете бастайды. Нәтижесінде энергия аз өндіріледі, тазарту процестері баяулап, жасушааралық кеңістік бітеледі", – дейді Ирина Сегут.
Мұның алдын алуға және қартаюды баяулатуға сілтілеу көмектеседі. Бұл ағзаның ішкі ортасының рН тепе-теңдігін сақтауға бағытталған әрекеттер. Олар сілтілік деңгейінің жоғарылауына ықпал ететін әдістерді қолдануға негізделген. Қалыпты жағдайда рН тепе-теңдігі 7,35-тен 7,45-ке дейінгі деңгейде болады. Өнімдерде қышқылды немесе сілтілі орта бар, сәйкесінше, қандай да бір тағамды жеу арқылы біз ағзаны жасартамыз немесе керісінше, қартайтамыз.
Қартаюды жеделдететін тағамдар тізімінде бірінші орында – өңделген ет, яғни шұжық, сарделька және т.б. Олар қабыну реакцияларының өсуін тудырып, ағзаның құрғауына себеп болады. Сондай-ақ бұл өнімдер жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады, қант диабеті мен колоректальды қатерлі ісік тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, көптеген шұжықтарға қосылатын қант тері мен тіндердің серпімділігіне жауап беретін коллаген талшықтарын бұзады. Шамадан тыс тәтті өнім ағзадағы ақуыздардың гликациясын тудырады. Бұл тамырларды әлсіз етіп, теріге әжім түсіретін токсиндердің пайда болуына әкеледі.
"Қартаюды жеделдететін өнімдердің қатарына маргаринді жатқызуға болады. Оның құрамындағы көптеген транс майлардың әсерінен тері ультракүлгін сәулелерге қарсы қорғаныш қасиетін жоғалтады, нәтижесінде пигменттік дақтар пайда болуы мүмкін", – дейді маман.