"Алтын допқа" басты үміткерлер тізімі жарияланды

Goal порталы 2024 жылғы "Алтын допқа" басты үміткерлер тізімін жариялады. Бұл тізімде "Реал Мадрид" ойыншысы Винисиус Жуниор көш бастап тұр.

Бразилиялық футболшы қазіргі таңда үздік ойынымен жанкүйерлерін қуантуда. Кеше ғана Чемпиондар лигасындағы маусымның үздік ойыншысына берілетін марапатқа ие болды.

Винисиус Жуниордан кейін Джуд Беллингем Тони Кроос және Килиан Мбаппе орналасқан. Сондай-ақ ТОП-20 тізімге Фил Фоден ("Манчестер Сити"), Гарри Кейн ("Бавария"), Флориан Вирц ("Байер"), Родри ("Манчестер Сити"), Родриго ("Реал"), Антонио Рюдигер ("Реал"), Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити"), Букайо Сака ("Арсенал"), Деклан Райс ("Арсенал"), Кевин Де Брёйне ("Манчестер Сити"), Лионель Месси ("Интер Майами"), Бернарду Силва ("Манчестер Сити"), Антуан Гризманн ("Атлетико"), Матс Хуммельс ("Боруссия" Дортмунд), Мұхаммед Салах ("Ливерпуль") және Лаутаро Мартинес ("Интер") енген.

"Алтын допты" 5 рет жеңіп алған Криштиану Роналду басты үміткерлер қатарына енбеген

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated