Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

"Бүгінге 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы - орташа ауыр. Қазіргі уақыта 696 адам ауруханада жатыр, 1 108 адам үй карантинінде", - деді Әбілдаев.

Екі жасар қыздың жағдайы орташа ауыр екені айтылады.

"2018 жылғы қызда жөтел бар, рентген оң жақты пневмония екенін көрсетті", - деді алматылық дәрігерлер.

Еске салайық, мұның алдында екі жасар қыздың және анасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated