Алматыда тапа тал түсте белгісіз біреу бойжеткенді үйінің кіреберісінде атып кеткен. Аталған оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Aqnews.kz.
Әлеуметтік желіде Алматы аулаларының бірінде түсірілген видео пайда болды. Видео авторы көршісіне тапаншадан оқ атылғаны туралы хабарлайды.
Видео астында жазылған жазбаға сүйенсек, жергілікті кәсіпкер бойжеткеннің интимдік видеоларын жариялаған. Артынша, өткен жылдың қарашасында қыздың арызы бойынша полиция ер адамды ұстаған. Ал бір күн бұрын болған бойжеткенге оқ ату оқиғасы ұсталған ер адамның ұйымдастыруымен жасалғаны айтылады.
Алматы қалалық Полиция департаменті бұл қылмыстың "ізін суытпай" ашылғанын хабарлайды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, – деп хабарлайды Алматы қаласының Полиция департаменті.