Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда дауыс берді.
Айта кетейік, бүгін, яғни 6 қазанда сағат 7:00-ден бастап республикадағы барлық дауыс беру орындарында Әнұран шырқалып, дауыс беру ресми түрде басталды.
Мегаполис бойынша азаматтардың таңдау жасауы үшін барлығы 624 учаске жасақталған.