Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын, – делінген Президент жарлығында.
Бұған дейін ҚР Мемлекеттік күзет қызметін басқарған Әнуар Садықұлов қызметінен босатылды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – “А” Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды.
Сонымен бірге Мемлекет басшысының өкімімен Әзімхан Жүсіпов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.
Қалмұханбет Қасымов 2019 жылдың ақпан айында ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді. Оған дейін 2011 жылдың сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін ҚР Ішкі істер министрі болды. Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.