АҚШ визасын беруді жеңілдетуге мүдделіміз – Елші

Орталық Азияда Қазақстан азаматтарына ғана АҚШ-тың 10 жылдық миграциялық емес визасы беріледі. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм журналистермен өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тілшілерге берген жауабында АҚШ елшісі виза жөнінде сұрақтар жиі қойылатынын, АҚШ азаматтарының да Қазақстанға жиі келуін қалайтынын, сондықтан рәсімдерді жеңілдетуге мүдделі екенін айтты.

«Қазақстан – АҚШ-тың 10 жылға дейінгі иммиграциялық емес визасы берілетін Орталық Азиядағы жалғыз ел. Бұл біздің қарым-қатынастың қандай жоғары екенін көрсетеді. Дегенмен, АҚШ-тың орындалуы міндетті ережелері мен заңдары бар. Және ең бастысы – визаны басқа мақсатта қолданғысы келетін адамдарға мүмкіндік бермеу. Сол үшін де виза берерде сұхбаттасу, құжат тексеру секілді тәжірибелер бар», - дейді Д. Розенблюм.

Сонымен бірге, елші бұл процестерді жеңілдетуге тырысқанын, дәлірек айтқанда барынша тиімді әрі өтініш берушілер ұзақ күтпейтіндей ұйымдастырғанын атап өтті.

«Пандемия кезінде қордаланып қалған өтінімдерді іріктеуді табысты жүргіздік деп ойлаймын, қазір күту уақыты айтарлықтай қысқарған. Менің түсінуімше, қазір АҚШ-қа барған, АҚШ-қа виза алған адамдар үшін визаға қайта өтінім бергенде сұхбаттан бас тартуды сұрау мүмкіндігі бар. Осындай да нұсқа бар, бірақ бұл стандартты тәжірибе емес», - дейді АҚШ елшісі.

Бұған дейін Дэниел Розенблюм АҚШ президенті Джо Байденнің Орталық Азияға сапары жөнінде сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, АҚШ елшісі шет елден ақша алатын қазақстандықтардың тізіміне қатысты пікір білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated