Ақмола облысында 30 мыңнан астам жайылымдық жер мұқтаж ауылдарға берілді - прокуратура

               Ақмола облысының Атбасар ауданында 30 мың гектардан астам жайылымдық жердің заңсыз бөлінгендігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері, Атбасар ауданында жайылымдар тапшылығы 25 ауылдық елді мекенде 33,9 мың гектарды құраған.

Осы орайда, Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарда, Шұңқыркөл және Тельман ауылдық округтерінде 33,5 мың гектар көлемінде жайылымдық жерлер бөлінгендігі анықталды.

Алайда, бұл жайылымдар мұқтаж ауылдарға бөлінбеген.

- Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 18 ауылға халықтың жеке мал жаю қажеттілігін қанағаттандыру үшін, ауданы 30 мың гектардан асатын шалғай жайылымдар берілді. Бұдан бөлек, босатылған жерлер есебінен жайылымдардың қалған тапшылығын жою бойынша шаралар қабылдануда, - деді ведомстводан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated