"7-20-25" ипотекасы бойынша ай сайынғы төлемді қалай азайтуға болады?

"7-20-25" ипотекасы бойынша ай сайынғы төлемді қалай азайтуға болады?

Жыл басында Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша 60 мыңнан аса өтелмеген несие болған. Мұндай мәліметті Қазақстанның тұрақтылық қоры келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір 9 мыңға жуық қарыз алушы ипотекасын өтеп үлгерген. Бұл ретте "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілген несиелер бойынша орташа айлық төлем шамамен 112 мың теңге болады.

Төлем сомасына не әсер етеді және оны қалай азайтуға болады?

Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауапта ай сайынғы төлем мөлшері "7-20-25" бағдарламасы бойынша алынған несиенің мөлшері мен мерзіміне байланысты екені айтылған.

"Бастапқы жарна неғұрлым көп болса, несие сомасы соғұрлым аз болады. Сонымен қатар, несие мерзімі неғұрлым ұзақ болса, ай сайынғы төлем соғұрлым аз болады (бірақ артық төлем көбірек - еск.). Айта кету керек, несие беру мерзіміне қарыз алушының жасы әсер етеді. Қарыз алушы неғұрлым жас болса, несие мерзімі соғұрлым ұзағырақ болады", - деп хабарлады Қор.

Сонымен қатар, несие мерзімін өзгертпей, ішінара мерзімінен бұрын өтеу арқылы ай сайынғы несие төлемін азайтуға болады.

"Ереже бойынша, несиені мерзімінен бұрын өтеудің ең төменгі сомасын банк белгілейді және оны банктік қарыз шартында көрсетеді. "7-20-25" бағдарламасының шарттарына сәйкес, несиені мерзімінен бұрын немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұлдар мен комиссиялар алынбайды", - деп түсіндірді қордағылар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated