50-ден асқан шағында Америкаға көшкен Алматы облысының тұрғыны жұмыс істеп, екі ай ішінде көлік сатып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы оның келіні Гүлжанар әлеуметтік желіде жариялады. Оның сөзінше, атасы жасына қарамастан, ағылшын тіліндегі өзіне қажет сөздерді үйренумен қатар, iPhone-ның да қыр-сырын әбден үйреніп, жұмыстың ебін тапқан.
50-ден асқан атам Нью-Йоркте жұмыс істейді. Атама Ubereats ұнап тұр. Азанмен @qazaq.republic-тың термосына маманың бал шайын құйып ап, көлігімен жұмысқа кетеді. Жақында алған Kia-сы да үйлесе қалды. Басында тілден қиналса, қазір бір-аз сөйлемді біліп алған. Аударылмаған сөйлемін скриндап ап, скриндағы сөзді бірден аударып беретін iPhone-ның қасиетін де үйренген. Өз табысына өзі риза. Күніне $150-200 тауып, қуанып келеді, кешкісін әңгімесін тыңдап арқа-жарқа боп шәй ішеміз. Бір ебін тапқан жұмыс өзі үшін. Қайраты мен "істеймін" деген қажыры бізге үлгі. Жігітімнің сол қасиеті әкесінен дарыған. Шүкір! Алып мемлекеттің мүмкіндігін қолынан келгенше пайдаланғысы келген атамның бұл әрекеті - таза еңбек", - деп жазған келіні Гүлжанар.
Айта кетейік, Uber Eats - жергілікті мейрамханалардан тағамдарға тапсырыс беруге арналған азық-түлік жеткізу платформасы.