WhatsApp мессенджерінде 11 мамырдан бастап 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау тоқтатылғаны туралы және егер бас тартылған жағдайда ол жауапқа келіспеген жағдайда электрон түрде өтініш беруі керек делінген хабарлама тарап кеткен. Еңбек министрлігі хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау 11 мамыр сағат 18:00-ден бастап ТЖ режимінің аяқталуына байланысты тоқтатылды. Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатын болады және өтініш төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер тағайындау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалады және төленеді", - дейді Еңбек министрлігінің өкілдері. 

Министрлік өкілдері төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады.

"Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында білуге болады. Қосымша қарастыруды талап ететін өтініш иелері 42500@enbek.kz, 42500@gfss.kz электрон пошталарына жүгіне алады", - деп түсіндірді министрлік өкілдері. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated