20 миллион аудиториясы бар қытайлық блогерлер елімізді аралап жүр

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында елімізге әлеуметтік желіде миллиондаған аудиториясы бар танымал қытайлық блогерлер келді, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы 28 мамыр – 1 маусым аралығында Aq niet Group және өзге де серіктестермен бірге Қазақстанға арнайы келген меймандарға Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Іле-Алатауы, Шарын және Бурабай ұлттық парктеріне ақпараттық тур ұйымдастырды.

Шетелдік қонақтардың қатарында Ni leichu, Qin Mingxi, ChenHuixian, Xu Jia, XueRui секілді атақты блогерлер бар. Олардың жалпы аудиториясы 20 миллионға жуықтайды.

Блогерлер Aq niet Group, Esentai Mall, Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы әкімдіктерінің қолдауымен елордадағы Sandyq қазақ тағамдары мейрамханасының ашылу салтанатына қатысты.

Айта кетейік, әлгі танымал блогерлермен ҚР Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев кездесіп, еліміздің туриз саласындағы саясатын егжей-тегжей таныстыррған.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated